ИТ тв

Таза ИТ тв. Қазақта қашан сервис пайда болар екен десеңші. “Жаңа жылға жаңа қадаммен,”- демекші АлмаТвның сапасыз, әрі қымбат сервисінен шаршағасын Қазақтелеком (КТ) ұсынып отырған IDtv-ге таспсырыс бергем. Көзің жамандық көрмесін жарнамалағандағыдай сыпайы сызылып қабылдап екі күн телефон желісін тегін бағасына тексеріп, желіні қажетінше ауыстырып, үшінші күн дегенде қосып берді. “Ой, керемет!”- дедім.

КТ жігіттері кетті, біз қалдық. Келесі күні IDtv-іміз ИТтв болды да шықты. Жексенбіге тап келуін десеңші “бір алпыс бес” алмайды. Содан не керек “бір алпыс бесін” алдым, тексереді өз жағынан бәрі дұрыс деген жауап. Есі дұрыс адамның ісі емес екені анық қой енді өз жағында дұрыс болса мен жағы дұрыс емес екені логический шықпайды ма. Соған бастары жетпеді ғой қасқалардың. Айтсаң түсінбейді (түсінгілері келмейді ме екен?). Өздерінше мені жұбатқан болып барлық контактілерімді алады.

Шыдам бітті. Абонент бөліміндемін. Телефон қарттікі болып келісім шатты бұзбады (Келісім шарт жасасқанда телефон кімдікі екенінде шаруалары болмады). Өзімдегі копиясын көрсеттім, мында менің қолым қойылған десем… Сонда қызық, келісім шартсыз қарттың телефонына IDtv қосқаны ма? Қарт сотқа берсе ше, мегалайн (мегалайн қойғанда да мен барғам кезінде, еш сенімхатсыз) мен IDtv-ға ақша сұрағаны үшін?  Жиырма күн ішінде он жеті рет тапсырыс беріппін. Әлгі абоненттік бөлімдегі жас жігіт, обалы не керек, барынша шауып жүр ағалап (клиенттен айрылу оңай ма). Содан айтқаны бүгін жігіттер кетіпті біздің үйге. Келесі күні жұмыстан келсем тв жасап тұр. Ал кес. Жарықтықтың көрсету сапасы жақсы екен Алматвға қарағанда. Енді ойланып отырмын…

Comments (4)

  1. Маратхан пишет:

    Қазақтелеком техникалық жағынан жақсы жарақтандырылған. Қызмет көрсетуі, “уууууу” дегізеді

  2. Almas K Nurgaliyev пишет:

    Осы айға ақшасын төлеп қойып едім Алма тв-ның, Айдың аяғына таман ажыратып тастаймын, амандық болса.

  3. Tvsinik пишет:

    Salamatsyz ba? Mening suray’yn degeninm siz aytyp otyrghan IDtv degen Internet TVi ma?

  4. Almas K Nurgaliyev пишет:

    Көп жерде IPTV деп аталады, интернет арқылы таратылатын телевидение.

Leave a Reply

Суреттер

Ауа райы