Көпірдегі нөпір

Қыс қамын жаз ойла дегендей, жүргізушілер көліктерінің тегершіктерін аустырып, тежегіш жүйесін ретке келтіруден бастайды. Алайда Атыраудың қысы болжауға келмейтін (метеоцентрлерге атын сырға) қолайсыз болып келеді. Кейде боранды, кейде тайғақ, кейде жаңбыр жауып тұрады. Ия таңқаларлық емес қысты күні жаңбыр жауатыны бар. Биыл да сондай бір ақылға қонымсыз қыстың бірі болды. Қыс айы басталғаннан жауын басталды. Күн жылады да тұрды. Жаңа жылға бір қар көрмедік құрығанда. Содан құрғақ аяз соқты. Шамамен минус жиырма-жиырма бес болар. Қара суық, жел. Атырау іші көк ала шаң. Ол аз болғандай сыпырғыш тракторлар кеп боратып кетеді.

Қар жауды. Көп емес, көшені тайғақ қылардай бар. Сол күні жұмысқа жай шықтым. Біздің қаланың спец.техникасының жұмысын білемін ғой. Басқа қаладағыдай емес жұмысқа бізбен жағаласып сегізде шығады. Жұмыс арғы бетте еді, көпірден өтейін деп келсем машина толып, көпір аузы бытысып жатыр (сондай кезде біздің шопірлер жанталасып қалады). Өзіше ақылдымын ғой, кептеліп тұрмайыншы деп жай шыққаным сағат онда. Тырқылдаған сары трактордың артынан еріп келем, көпірге менімен бірге шықты ғой байғұс. Сонда сағат онға дейін көпір аршылмаған.

Leave a Reply

Суреттер

Ауа райы