Келін
Жергілікті газеттердің бірін оқып отырып “Келін неге беташарда сәлем беруден бас тартты” (мақала атын қате жазсам айып етпеңіздер) деген мақалаға кқзім түсті.
Бір ауылда дейді (қай ауыл екен?) жаңа түскен келін беташардан үзіді-кесілді бас тартыпты. Жиылған жұртқа -”Бұл Аллаға серік қосу,”-деген екен. Сонда қашаннан бері иіліп сәлем салу ширк болғаны?
Ата-бабадан келе жатырған салтымызды аяқасты қылған неғылған келін деген сұраққа жауап іздейді автор. Осы орайда сізде не айтасыздар? Ата-енесіне иіліп сәлем ету ширк пе? Бұл қай жерде жазылған?

қыршымасын деп айтты де. қай жері ширк? сәлем беруде тұрған не бар екен?
жақсы болды ғой, кейін мен дей сөйтіп айтпасам :))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Оны қоя тұр, бір тансымыз той жасағанда (арақ-шарапсыз) асабасымақ орамал тағынып, хиджап киген қыз-келіншектерді меңзеп, “мұсылман әйелдер мына қатарға отырсын дегенде” Қажылыққа барып келгенімен, онысын рия қылып, көрсетпей-ақ қарапайым ғана қазақша орамал тартып жүрген менің анам “қалғанымыз қайда барайық?” дегені бар….
Ондайларға айтатыным: өздерінің істеп жүргенін дұрыс қылу үшін әуелі араб болып туып алсын….
Ал, арабтың дәстүрін дін арқылы қазаққа таңып қажеті жоқ…
Айдекең дұрыс айтады! Толық қосылам!
Енді жетіспегені осы еді! Шетімізден араптанып бітеміз түбі..
Расында бул кулкі кылатын нарсе емес. Жылайтын нарсе. Ак адал маңдай терімізбен өсірген ұлымыз келіншек алып, онысы сәлем етпеймін деп жатса, нағыз трагедия сол ғой. Ондайларың қазақтың бар дәстүрін тәрк етуге даяр. Алла сақтасын.
Хиджаб кию арабтың емес, бүкі мұсылманның парызы, бір нәрсемен басқаны араластырмаңдаршы
ал негізгі тақырып Беташар жасау туралы айтар болсам, беташар ширкке жатпайды, сәлем бергенде тұрған ештеме жоқ, осы кей ұстаздарға таң болам. Иә адамдарға иілген дұрыс емес, поклонение (сыйыну) сияқты боп қалад, бірақ беташар ол адамдарға сыйыну емес, сәлем ретінде қарастырылғандықтан ширкке жатқызуы не по теме..
Жалпы,казір дін туралы турлі пікірлер айтылуда.Кебиреулер діннен мулде хабары болмаса да,”тон пішігу” шебер,айтеуір.Адам акылмен угынып дурыс емес деп тапкан нарсені Ислам дурыс демейді.Себебі Ислам акылын серік еткен жандарга арналган дін.Ал беташар маселесіне келетін болсак,оны ширк деп айту орынсыз сиякты.Біздін ата-бабамыз да акылсыз емес еді…Айтпакшы,аурат жерлерді жауып,бас киімсіз журмеу де бабамыздан калган дастур,бул жерде араптарды тыкпалаудын кажеті жок.Сенбегендер улттык киімдерімізге жаксылап коз жіберсін.
P.S.
Озіміздін улттык накыштар айкын білінетін хиджаб улгілері шыкса игі болар еді…
Алмас Ислам тұрғысында түк хабарың жоқ болғансоң мұндай тақырыпқа бас ауырпай ақ қой.
Сәлемде тұрған ештең жоқ, сәлем салып атасын Құдайындай көріп кетпес. Сәлем салып, ата-ененің (жалпы қариялардың) батасын алғанға не жетсін?!
Осы уақытқа дейін салт болып, “сол қыз” ілім-білім алған соң ширк болып кеткен бе?!
Бул жерге пікір жазгандардын барінін діни сауаты жок топастар екені корініп тур,осы мәселеге бір сат дін козімен карасандар барін тусінетін едіндер,жанагы келін 100 пайыз дурыс істеген,енді аркімнін алдында тонкайып салем салып журсін!Намазда Алланын алдында гана рукуга барасын,баска баска ешкімнін алдында иілудін кажеті жок!Салтымыз салтымыз деп тагы кай жерге дейін бармаксындар!