Бес теңгеңіз бар ма?!

20-09-09_1242

Атыраудағы ақша айналымында бес теңгелік аз ба деп қалам кейде. Кафелердің сағыз, дүкен-супермаркеттердің шырпы(спички) беретініне әбден үйреніп болдық. Бұрын пакетке салып бере салайын деп алдайтын еді, осы күні пакет те қымбат. Қалай болғанда да бір бес теңгесі жетпей қалады. Кейде -”Осы бес теңгеден байып кетесің бе?”- деп ұрсатындары да бар. Осы күні халық та сол бес-он теңгеге қарамайтын болды.

Дүкен, кафе, ресторандарды былай қойғанда автобуста да бес теңге қатық екен. Жол ақысы қырық бес теңге. Ақшаңызды қалай қылып берсеңіз де (тек дәл бермесеңіз) кондуктор сізге бес теңгесі болмаса артығын қайыра алмайды екен. Автобус қозғалғаннан бастап жұрттан -”Бес теңгеңіз бар ма?”- деп сұрап келеді. Барлары береді, жоқтарына бестеңгесі түскен соң қайырады. Сонымен не керек салондағы адамның сексен пайызына бес теңге қарыз. Бес теңгеден байыдың ба дегеннен шығады, халық та ақшасын сұрамай түсіп кете береді.

Орта есеппен есептеп көрелік, Есебіміздің шартын минимал қылып алайық :
автобусқа 30 адам сияды делік және ешкім жолдан түсіп мінбесін. Кондуктор салондағылардың 70 пайызына 5 теңге қарыз болсын.

автобус күніне 7 рейс жасасын, яғни маршруттың соңғы аялдамасына 7 рет барып, 7 рет қайтсын.

Екі күн жұмыс жасап бір күн демалсын.

Сонда: 30*70%*5=105 (теңге) салоннан табатыны

105*7*2=1470 (теңге) бір күндік пайдасы

1470*(30*2/3)=29400 (теңге) бір айлығы.

Сонда қарап отырсақ айына отыз мың теңге артығымен түсіріп отыр емес пе? Ал отыз мың дегенің бір адамның жалақысы. Ойланайық!!!

Comments (6)

  1. Маратхан пишет:

    Біреудің ақшасын санап, миымды қатырғым келмей отырғаны :)

  2. aitar пишет:

    5 теңгені айналымнан алып тастаңдар, немесе жол ақысын дөңгелектеп 40 не 50 қылыңдар.
    Әзілсіз айтсақ, 5 бермеу деген қоғамдық көліктегі “тышқан бизнес” екенін көп ешкім біле бермейді. Оны шөпір бала мен кондуктор екеуі бөліп алады.

  3. patick пишет:

    Асеке, негізі дұрыс. Европаның қай елі екенін білмедім, әйтеуір бір цент қарыз алып бермесең, соңынан келіп: Есіңде ме, сен менен 1 цент алып едің ғой, соны қайтармайсың ба деп айтады екен. Басында мен де неткен ұсақшылдық деп ойлап едім, қарап отсам негізін бұның бәрі нарықтық қатынастарға негізделеді екен. Бізде осы жетіспейді, баяғы сол “құрысыншы” мен “өй, сол бес теңгеге зар болып не болды” деген жағдаймен өмір сүре береміз…

  4. Ansar пишет:

    Өркениеттің болмауының басты көрінісі.

  5. Blogger пишет:

    Сложные проценты бауырым молодец келешекте миллионер болатын и короче бай жігіт бол рухани жағынанда.

  6. Аршат пишет:

    Толтырып 5 теңгелер әкелсем аласыңдар ма? 7 теңгеден беремін, өзіміз Шымкенттен 6 теңгеге алып отырмыз. Түркістанға барсаңдар 5,5 теңгеден береді дейді біруелер.

Leave a Reply

Суреттер

Ауа райы